- Экономиканың даму заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын біліп, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолданып, әлеуметтік – экономикалық үдерістерді зерттеудің қолданыстағы тұжырымдамаларын сын көзбен талдап, алынған нәтижелерді өңдеп, оған баға бере отырып, экономика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді.
- Салалық тұрғыда экономиканы басқару мен тұрақты даму негіздерін біліп, кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын таңдап, инновациялық кәсіпорындарды құру және жаңа енгізілімдерді басқару тетіктерін талдай отырып экономикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және жүзеге асырады.