shape
shape

Услуги

Институт ғылыми бағытты іске асырудың барысында Оңтүстік Қазақстанда (Түркістан және Қызылорда облыстары) кең көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізуде.

«Қаратаудың археологиялық ескерткіштері» (2006-2008) (С.Мургабаев)

«Үлкен Қаратаудың петроглифтері» (2015-2017) (С.Мургабаев)
АР 05132449 «Ежелгі және ортағасырлық Қаратау: ескерткіштерді сабақтастық аясында зерттеу» (2018-2020 ж.ж.)

Қазіргі таңда Археология ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарапынан 109 «2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» аясында қаржыландырылып, «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер», «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер» атты ғылымның даму приоритеті, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" және "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты арнайы ғылыми бағыты бойынша орындалып жатқан BR10965310  «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» атты ғылыми бағдарлама (жетекшісі PhD, доцент м.а. Б.С.Сиздиков), 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру» аясында қаржыландырылып, «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер», «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер» атты ғылымның даму приоритеті, "Археология отандық тарихтың теориялық-әдіснамалық мәселелері контекстінде", "Ұлы даланың жеті қыры" және " отандық тарихтың жаңа парадигмалары контекстіндегі археологияның теориялық-әдіснамалық мәселелері" атты арнайы ғылыми бағыты  AP13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында (жетекшісі PhD, доцент М.Гурсой) және AP19678134 «Келес өңірінде орналасқан ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық және пәнаралық зерттеулер жүргізу»( жетекшісі PhD, доцент м.а. Б.С.Сиздиков)  атты жобалар бойынша ортағасырлық Сығанақ қаласында, Мыңтөбе қорымында, Келес өңірінде археологиялық зерттеу жұмыстарын  жүргізіп келеді.