shape
shape

История

1996 жылы ХҚТУ президенті, академик М.Жұрыновтың бұйрығымен Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Археология және этнология ғылыми-зерттеу институты құрылды. 1998 жылы ғылыми-зерттеу орталығына, 1999 жылы ТүркТүркология институның бір бөлімі болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.200ж. N 1059 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы» орындау бағытында, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001.07.09. Заңыңа сәйкес университет президенті О.Сәбденнің бұйрығымен (01.09.2001 ж. №1/477) дербес ғылыми орталық ретінде қайта ашылды. 

Археология институты ғылыми-зерттеу қызметін «Ежелгі және ортағасырлық түркі өркениетінің сабақтастығы (Оңтүстік Қазақстан археологиялық ескерткіштерінің материалдары негізінде)» атты  ұзақ мерзімді бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Қазіргі уақытта институтта Түркі мәдениетінің сабақтастығы: түркі халықтарының дүниетанымы мен тарихы, тіл мен әдебиеті, түркология ғылымының қалыптасу кезеңдері, археологиялық мәдениеттердің сабақтастығы, тілдік байланыстарды теориялық-әдістемелік зерттеу аспектілері» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.