team image
Акбасова Аманкул Джакановна

директор ҒЗИ

Телефон:
Электрондық пошта:
ecolog@ayu.edu.kz
№:
№26

1945 жылы 15 қарашада Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында дүниеге келген. 

1953-1964 жылдары Қарағанды облысының Жезді поселкасындағы №6 он бір жылдық мектепті алтын медальмен бітірген.

1964-1969 жылдар аралығында Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетінде білім алып, химия мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1972 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, электрохимия және аналитикалық химия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 

1979-1980 жылдар аралығында Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтында беткейлік-белсенді заттектер физика-химиясы бойынша қайта дайындау  факультетінде білім алған.

1991 жылы Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Аттестациялық Комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдарының Академиясының академигі құрметті атағы берілді. Сол жылы ҚР «Экология» Халықтық Академиясының академигі атағына ие болған.

2013 жылдан бастап Ресей Жаратылыстану Академиясының  академигі, Honorus causa of Academy of Natural History Халықаралық академиясының құрметті ғылым докторы атағын алған.

Негізгі қызметтері:

  • 1973-1981 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының Топырақтану институтында аға ғылыми қызметкер;
  • 1981-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, проблемалық лабораториясының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер;
  • 1993-1998 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жалпы экология кафедрасының меңгерушісі, ректордың ғылым жөніндегі кеңесшісі, ғылыми-ұйымдастыру орталығының директоры, профессоры;
  • 1999-2002 жылдары М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының профессоры, 2002-2007 жылдары Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры;
  • 2007-2008 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Экология және химия» кафедрасының меңгерушісі; 2008 жылдан бастап Жаратылыстану факультеті, «Экология және химия»  кафедрасында  профессор міндетін қоса атқарады;
  • 2008 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Экология» Ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар, А.Ж. Ақбасова 1996-1998 жылдары «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының бас редакторы, 2001-2004 жылдары «Гидрометеорология және экология», 2003-2004 жылдары «Қазақ транспорт және коммуникация академиясының хабаршысы», 2004 жылдан бастап «Қазақстанның өндірістік транспорты» ғылыми журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі. 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясы Ресей Жаратылыстану Академиясының «Халықаралық студенттік ғылыми жаршысы» электронды ғылыми журналының, Тараз мемлекеттік университетінің «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» Халықаралық ғылыми журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі.

1995-2010 жылдары аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің және  1999-2003 жылдары Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жанындағы «Геоэкология» және «Экология» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестердің мүшесі болып келді. 

А.Ж. Ақбасованың жетекшілігімен 2 докторлық, 2 PhD-докторлық, 11 кандидаттық және 40-тан астам магистрлік диссертациялар қорғалған. 

Қазіргі уақытта 400-ден астам ғылыми жұмыстары жарық көрген, оның ішінде 12 мақала Scopus базасына кіретін журналдарда, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 45-тен аса мақала, 10 монография, оның бірі Германияда, бірі Ресейде жарияланған, 7 оқулық және 15-нан астам оқу құралы, 4 терминдер түсіндірме сөздігі, 1 экологиялық энциклопедия, 20-дан астам авторлық куәлік пен өнертабыс патенттерінің авторы.

А.Ж. Ақбасова қазіргі уақытта ғылыми-ағартушылық жұмыстарды белсене атқарып, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы «Экология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, институттың қарамағында СТ РК МЭК 17025-2007 стандартына сәйкес «Экологиялық бақылау және химиялық талдау» атты зертханасын сәтті аккредиттеуден өткізген. Сондай-ақ, осы университеттің Сенат мүшесі, Салааралық ғылыми-координациялық кеңес төрайымы, университеттегі Ғылыми-техникалық кеңес мүшесі. «Экология» ғылыми-зерттеу институтында А.Ж. Ақбасованың басқаруымен (2008-2022 ж.ж.) 8 гранттық жоба (1 ғылыми нәтижелерде коммерциализациялау жобасы), 70-тен астам шаруашылық келісім-шарттармен Қазақстанның түрлі өндіріс орындарына мониторинг, экологиялық төлқұжаттар жасау, өндірістік экологиялық бақылау, тағы басқа жобаларды дайындау сияқты ғылыми-практикалық жұмыстарды атқаруда. 

А.Ж. Ақбасованың басқаруымен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары жан-жақты: экологиялық сараптау жұмыстары, ауа атмосферасын тазалау және мониторинг, құрылыс материалдарын қалдықтардан алу, технологиялық үрдістердің аз немесе қалдықсыз технологияларды жасау арқылы тауарлық өнімдерді алу, топырақты зиянды қалдықтар мен ауыр металдардан детоксикациялау әдістерін жасау, Ұлы Жібек Жолының бойындағы тарихи ескерткіштерді қорғау және қайта өңдеу, дәрілік-профилактикалық биологиялық белсенді заттарды жасау, ауыл щаруашылығындағы жануарларды әртүрлі аурулардан емдеу сияқты кең ауқымды жұмыстар жемісті жүргізілуде.

Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі экологиялық зардаптарды азайту мақсатында тынбай еңбек етуде.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен берілетін мемлекеттік бірнеше гранттардың ғылыми жетекшісі.

Ақбасова Аманкүл өнегелі отбасы, отбасында 2 перзенті, бес немересі бар.

 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.