team image
Абдрахманова Әлия Серікқызы

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің деканы

Телефон:
Электрондық пошта:
aliya.abdrakhmanova@ayu.edu.kz
№:
3

ӘБДІРАХМАНОВА ӘЛИЯ СЕРІКҚЫЗЫ

Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің деканы, медицина ғылымдарының кандидаты, іскерлік басқару магистрі, жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.

1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсті. 2000 жылы тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты Ақмола мемлекеттік медицина академиясына ауысып, оны 2002 жылы сәтті бітірді. 2003 жылдан 2004 жылға дейін Астана медицина университетінің дерматовенерология кафедрасында интернатурада, 2004 жылдан 2006 жылға дейін «дерматовенерология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды.

Кәсіби мансабын интерн және клиникалық ординатор ретінде бастады. 2005-2018 жылдар аралығында Астана медицина университетінің дерматовенерология кафедрасында ассистент, кейін доцент қызметін атқарды. Оқу мен жұмыс барысында ғылыми қызметті ұштастырып, 2010 жылы «Жастардағы псориаз және қатар жүретін жүрек-тамыр патологиясы ағымының ерекшеліктері» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Бірнеше жыл қалалық дерматологтар қоғамының хатшысы, «Қазақстандық дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығының» президиумының төрайымы болды.

2018 жылдың тамызынан 2023 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында ғылыми хатшысы қызметін атқарды.

2015 жылы Open Medical Institute гранты бойынша Зальцбург медициналық семинарларында (Австрия) оқуды аяқтады. 2016 жылдың наурыз айында Американдық дерматология академиясының (AAD) Халықаралық комитетінің грантына ие болып, Вашингтонда (АҚШ) жыл сайынғы AAD конгрессіне қатысты, оның аясында оқу курсын аяқтады.

2023 жылы Алматы Менеджмент Университетінің Жоғары Бизнес мектебін «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдап, «Ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру (Академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталық мысалында)» тақырыбында бизнес-жобасын сәтті қорғады.

«Маяк PRO» жобасы аясында Қазақстандық мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қорының менторы.

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.