team image
Мансуров Нурлан Берденович

институт директоры

Телефон:
Электрондық пошта:
nurlan.mansurov@ayu.edu.kz
№:

Мансұров Нұрлан Берденұлы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген. 

1986 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі мамандығына оқуға түсіп, 1991 жылы тәмәмдаған. 

Педагогикалық қызметін 1991 жылы Шымкент қаласында №26 Жамбыл атындағы орта мектепте араб тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 

1993-95 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет еткен, 1995-98 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасында қазақ тілі мамандығы бойынша оқып, тәмәмдаған.

1998-2009 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан араб тілі институты араб тілі кафедрасының оқытушысы, «Араб тілі және дінтану» факультетінің деканы, 2007-08 жылдары Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет жанындағы «Ашық» институтының филология-педагогика кафедрасының меңгерушісі, 2008-09 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.  

2009-10 жылдар мерзімі аралығында ҚР Мәдениет министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» ММ бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, директор міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 

2010-12 жылдары «Тұран-Астана» университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 2012-18 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2018 жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет атқарады. 

Бізге жазыңыз

Төмендегі пішінді толтыру арқылы бізге хабарлама жібере аласыз.