shape
shape

Бағдарламалар

Экономика және басқару факультеті / Халықаралық қатынастар кафедрасы / Магистратура

7M03140 - Халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика және басқару факультеті Халықаралық қатынастар кафедрасы

7M03140-Халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасы

Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басқада акторлардың өзара әрекетін, қазіргі халықаралық саясаттың әртүрлі аспектілерін бағалауға қабілетті, зерттеу дағдылары бар және дара зерттеу жұмыстарын орындай алатын, халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық қызметке дайын, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау.

- алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды;

- кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады;

- педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады;

Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды;

- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді;

- Сыни ойлау негізінде халықаралық қатынастарда болып жатқан оқиғаларды жіктеп және талдап, ақпараттарды өңдейді;

- Қазіргі заманғы аймақтық, интеграциялық, жаһандық, геосаяси, әлеуметтік-мәдени, демократиялық, саяси, миграциялық және дипломатиялық үдерістердің даму жолдарын болжайтын сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізеді;

- Кәсіби қызмет шеңберінде қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, қақтығыс және бейбітшілік мәселелері бойынша өзекті зерттеу тапсырмаларын әзірлейді (ОН8);

- Халықаралық қатынастар саласында іргелі теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді (ОН9);

- Халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми теориялар, мектептер, бағыттар мен тенденциялар туралы білімдерін қолданады.

Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.  