Біз туралы

2017 жылдан бастап Қ.А.Ясаи атындағы ХҚТУ-да «Антиплагиат. ВУЗ» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

2018 жылғы 31 қазандағы № 604 МЖМБС (бакалавриат, магистратура) сәйкес бұл жүйеде барлық бітіру (дипломдық, магистрлік) жұмыстары плагиатқа тексеріледі. PhD докторанттар диссертациялық жұмысын жазу, сондай-ақ кафедраның кеңейтілген отырысында талқылау барысында «Антиплагиат. ВУЗ» жүйесі арқылы тексеру тәртібінен өте алады. «Антиплагиат. ВУЗ» ақпараттық жүйесі 24/7 автоматты режимде жұмыс атқарады.

«Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың диссертациялық кеңес туралы Ережесіне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген «Диссертациялық Кеңес туралы ережеге» (30.04.2020 жылғы №170 бұйрықпен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) сәйкес Диссертациялық Кеңес қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде докторанттың отандық және халықаралық дерекқорлар бойынша мәтінді пайдалануды анықтау үшін диссертацияны АҚ «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына» жібереді.