Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 6D011000 – Физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Паттаев Амин Магаматшариповичтің «STEM білім беру жағдайында болашақ физика мамандарына «Баламалы энергия көздері» курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын алдын-ала қорғау.
Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
Турмамбеков Т.А. – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті, Физика-математика факультеті, Физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының докторы.
Раманкулов Ш.Ж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Физика кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Али Чорух - Туркия Республикасы, Сакарья университетінің профессоры, PhD.
Ресми рецензенттер:
Муратбекова М. – PhD доктор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы.
Саидахметов П.А. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертацияны кафедраның кеңейтілген мәжілісінде алдын ала қорғау 2025 жылдың 23 маусым күні сағат 15:00-де мына мекен-жайда өтеді: Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, №3 ғимарат, №307 аудиторияда.