


аға оқытушы PhD., Жунисов Нурсейт Мухидинович
Өмірбаян
Мен, Жунисов Нурсейт Мухидинович 1985 жылы қараша айының 23 жұлдызында ОҚО, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келдім. Әкем Жунисов Мухидин – физика пәнінің мұғалімі, анам Жунисова Гульчехра Асанбаевна – математика пәнінің мұғалімі. 1992-1996 жж. Жанабазар ауылындағы Ж.Жабаев атындағы орта мектепте, 1996-2001 жж. Кентау қаласындағы №14 Әл-Фараби атындағы орта мектепте, 2001-2003жж. Кентау қаласындағы №3 Дарын мектебінде 11 сыныпты бітірдім.
2003-2008жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 370140-Басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері мамандығын бітіріп, инженер-жүйетехник маманы деген біліктілігі берілді.
2009-2011жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6N0602 - Информатика мамандығы бойынша Информатика магистрі академиялық дәрежесі берілді.
2012-2015жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6D070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығында оқып, білім алдым. Осы мамандық бойынша докторлық диссертацияны қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 2018 жылы 26 қаңтардағы № 138 бұйрығы, 6D070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша философия докторы PhD дәрежесі берілді.
01.09.2009-14.07.2010жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-тің "Процесстерді компьютерлік математикалық модельдеу және автоматтандыру" кафедрасында оқытушылық қызметін атқардым.
15.07.2010-27.02.2012жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық білім беру сапасын бақылау орталығында" аға сарапшы қызметін атқардым.
01.09.2015 жылдан бастап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Инженерия факультетінің "Компьютерлік инженерия" кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқардым.
01.02.2018ж. күннен бастап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Инженерия факультетінің "Компьютерлік инженерия" кафедрасында аға оқытушысы, PhD доктор қызметімді жалғастырудамын.
01.03.2019-01.03.2022ж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Инженерия факультетінің "Компьютерлік инженерия" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқардым.
01.03.2022ж. күннен бастап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Инженерия факультетінің "Компьютерлік инженерия" кафедрасында аға оқытушысы, PhD доктор қызметімді жалғастырудамын.
Отбасылымын: Жұбайым Жунисова Гулжан Сериковна 25.11.1984ж. туған, Кентау қаласының білім басқармасында бухгалтерия бөлімінде қызмет істейді. Төрт балам бар. Қызым - Мухидин Жұлдыз Нурсейтқызы 01.01.2011ж., ұлдарым - Мухидин Ғафиз Нурсейтұлы 01.11.2012ж., Мухидин Аңсар Нурсейтұлы 29.09.2017ж., қызым - Мухидин Айым Нурсейтқызы 16.02.2021ж.
Мекенжайым: ОҚО, Кентау қ., Құралбаев к-сі, № 28-үй, 42-пәтер.