Хабарландырулар

shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

2023-2024 оқу жылында Экология және химия кафедрасына қарасты «6В05247-Экология» білім беру бағдарламаларының студенттері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Экология және қоршаған ортаны қорғау» бойынша Халықаралық пәндік олимпиадада 3-орын иеленді, сонымен қатар  «6В05247-Экология» және «6В01514-География» білім беру бағдарламаларының студенттері жоғары оқу орындары студенттері арасында XVI Республикалық пәндік олимпиадасында, сонымен қатар  жүлделі 2-ші және 3-ші орындарын иеленді.   Студенттерді және ғылыми жетекшілерді (Доктор PhD, доцент Әбдімүтәліп Н.Ә., г.ғ.к. С.Құрбаниязовты) ректор Жанар Амангелдіқызы Темірбекова  арнайы марапаттады.

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, Экология және химия кафедрасының профессоры Р.Н. Нұрділлаева 2023 жылы "Болашақ" Халықаралық бағдарламасы шеңберінде "500 Ғалым" санаты бойынша стипендия иегері атанып, АҚШ-тың Лауренс Беркли Ұлттық зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2023-2025 жылдарға арналған AP19679127 «Жасөспірімдердің цифрлық гигиена дағдыларын қалыптастыру және кибербуллингтің алдын алудың әдістемелік жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы 54 млн теңгені құрайтын гранттық жобаға PhD, доцент м.а. Берді Динара Кадирханқызы жетекшілік жасауда. 

Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасында Эразмус+ №101129032 - LESLIE ERASMUS-EDU-2023-CBHE «Жер ресурстарын басқару, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы білім және бизнес аясында» (Land management, Environment & SoLId-WastE: inside education and business in Central Asia - LESLIE) жобасын іске асырылуда.

Жобаның мерзімі 36 ай, 01.01.2024-31.12.2026жж аралығын қамтиды.

Жобаның Еуропалық серіктестері: Валенсия Политехникалық университеті - Еуропалық координатор (UPV, Испания), Кипр университеті (UCY, Кипр), Кассино және Оңтүстік Лацио университеті (UNICAS, Италия). 

Қазақстан Республикасы серіктестері: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығы.

Орталық Азия серіктестері: Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар Министрлігі және Өзбекстан Республикасының 5 ЖОО.

LESLIE жобасы жер ресурстарын және қалдықтарды тұрақты басқару саласында Орталық Азия: Қазақстан және Өзбекстанның жоғары оқу орындарында микро-кредиттік курстарды әзірлеу арқылы оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізуге бағытталған.

2024-2026 жылдарға арналған AP22787838 «Химия мұғалімдерін оқыту сапасын арттыруға арналған цифрлық білім берудің интерактивті рөлін зерттеу және Mozabook платформасында курсты әзірлеу (7-сынып мысалында)» тақырыбындағы 74 млн теңгені құрайтын гранттық жобаға PhD, доцент м.а. Берді Динара Кадирханқызы жетекшілік жасауда. 

Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Экология және химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Н.Ә. Әбдімүтәліп және доцент м.а., PhD Г.Б.Тойчибекова 2024-2025 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлерінде «Орхун» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-дарына екі апталық кезеңге дәріс, семинар жүргізіп тәжірибе алмасу үшін Қырғызстан Республикасы Қырғыз – түрік Манас университетіне 03.03.2025-16.03.2025ж. күндер аралығында барып ҚР 2015жылғы 23 қарашасындағы №414V Еңбек кодексінің 127-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, өндірістік қажеттілікке байланысты дәріс, семинарлар жүргізіп тәжірибе алмасып келді.