Білім беру бағдарламасы
7+
Білімгер
447+
Жұмыспен қамтылған
80%
ОПҚ
29+

Біз туралы

«Экология және химия» кафедрасы 2007 жылы Сенат мәжілісінің №5 шешімі негізінде «Жалпы химия және химиялық экология» кафедрасы мен «Өндірістік экология» кафедрасының бірігуі нәтижесінде қайта құрылды.

Кафедраның мақсаты — Халықаралық дәрежедегі білім ордасында қазіргі заманның талабына сай сапалы білім және саналы тәрбие беру, егеменді еліміздің дамуына үлес қосатын білімді азамат, білікті мамандар дайындау. 

Білім беру бағдарламасының оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 26. Оның ішінде 2 ғылым докторы, профессор; 3 ғылым кандидаты, профессор, 6 ғылым кандидаты, доцент, 6 ғылым кандидаты, доцент м.а., 5 PhD докторы, 4 ғылым магистрі және сонымен қатар, практик-мамандар қызмет атқарады.

Кафедрада 5 бакалавр, 3 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалынады. ҚР АРТА 2019 жылғы рейтингісінде 6В01514 - География білім беру бағдарламасы 2-ші орынға иеленсе, 6В01512 - Химия білім беру бағдарламасы 3-ші орынға қол жеткізді.

Кафедраның білікті және тәжірибелі ОПҚ 6B01512-Химия, 6B01562-Химия-биология, 6В05247-Экология, 6В01514 - География, 7M01535 - Химия, 7М05324 - Химия, 7М05223 - Экология білім беру бағдарламалары бойынша дәріс, лабораториялық және практикалық сабақтарды жүргізеді.Білімгерлер талапқа сай, қажетті құралдармен жабдықталған оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында, дәріс аудиторияларында ҚР БҒМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес химиялық және экологиялық пәндерден дәріс алады.

Экология және химия кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Экология және химия кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B01514 — География (Педагогикалық ғылымдар)

География (Педагогикалық ғылымдар)
Бағдарлама нәтижелері
  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп,  педагогикалық процестерді ұйымдастырады .
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Белгіленген мақсатына сәйкес, тиісті оқыту әдістері мен тәсілдерін, құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сабақ жоспарларын жасайды.
Кәсіби қызмет саласы
  • География» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін мектептерде, коллеждерде, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде, жер ресурстары мен табиғаты қорғау ұйымдарында, туризм, экология орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде  жұмыс жасай алады.
  • Жалпы  білім  беретін  мектептер,  техникалық  жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары; 
  • Білім басқармалары (департаменттері);
     
Қабылдау шарттары
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (География ) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Оқу бағдарламасы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз