shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары: Діндердің, рухани мұрасы, Орталық Азиядағы ислам және ханафилік мазхабы. Кафедра оқытушылары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, аудармалар мен зерттеулер жасап, оның нәтижесі бүгінгі күнде оқу үдерісіне енгізілген. Сонымен қатар Қазақстандағы ислам діні тақырыптары аясында ҚР ҰҒА және Түркия ғалымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізілді. Кафедра ОПҚ 3 ғылыми бағытта ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп аяқтады. Олар: 1) «Орталық Азиядағы діни, рухани үдерістер және оның түрік халықтарының тарихи тағдырына ықпалы (XV-XIX ғғ)» 2) «Қоғамда және тұлға бойында экстремизм мен радикализмге қарсы діни сананы қалыптастыру», 3) «Орта Азиядағы Матуридилік: ілімі, ізбасарлары және еңбектері». «Орталық Азиядағы Хнафилік дәстүр және қазақ руханилығының негіздері» 1 жоба БҒМ грантын жеңіп, осы тақырып аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мақалалар, монографиялар шығарып келеді. Сонымен қатар, дінтану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар жоғарыдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары аясында дипломдық жұмстары мен магистрлік диссертациялар қорғап, мақалалар жариялайды. Дінтану мамандығы студенттері мен магистранттары жыл сайын Республикалық студенттер арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, ҚР Білім және ғылым министрі тарапынан І және ІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталып келеді.