6B02228 — Дінтану
Заманауи еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұранысына жауап беретін Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дінтанулық ағарту жұмыстарын іске асыру мақсатында дінтану бойынша толыққанды, сапалы кәсіптік білім мен кәсіби құзыретті түлектерді дайындау.
Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.
Бағдарлама нәтижелері
«6В02228 – Дінтану» білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық жаңғыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, зайырлылық қағидаттарын нығайту және азаматтардың дүниетанымдық бағыты мен діни сауаттылығын арттыру бағытындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес әзірленген. Бағдарлама қазіргі қоғамдағы діни үдерістерді ғылыми тұрғыда талдай алатын, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне кәсіби үлес қоса алатын жоғары білікті, әлеуметтік жауапты және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған;
Қабылдау шарттары
- Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары №600 31.10.2018ж.).
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
Дінтанушы бакалаврдың міндетті еңбек функциялары:
1. Дінді ғылыми тұрғыдан зерттеу;
2. Қоғамдағы діни процестерді жан-жақты талдау және зерделеу;
3. Қазақстан Республикасында қызмет ететін діни бірлестіктердің, культтердің, қозғалыстары мен ағымдардың қызметін зерттеу.
Дінтанушы бакалаврдың қосымша еңбек функциясы 1:
Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық, дінаралық, мәдениетаралық, этносаралық қатынастарды зерттеу және талдау.
Сабақ кестесі
Исламдағы таухид ұғымы: ориенталистік көзқарас тұрғысынан талдау
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 