shape
shape

Хабарландырулар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін университетімізде №2 Сенат мәжілісі ұйымдастырылды. Басқосу барысында университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамына арналған марапаттау және мерейтойлармен құттықтау рәсімі өтілді. Аталған жиында кафедрамыздың тәжірибелі ұстазы, білікті маман, философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Шадинова Гүлзира Абиласанқызына 50 жас мерейтойына орай университет басшылығы арнайы адресат табыстады.

???? Ұстаздық жолында талай шәкіртке тағылым беріп, ғылым мен білімнің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Шадинова Гүлзира Абиласанқызын бұл құрметке лайық деп білеміз!

???? Құрметті Шадинова Гүлзира Абиласанқызы, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!