shape
shape

Хабарландырулар

Құрметті әріптестер, достар мен шәкірттер!

Құрметті әріптестер, достар мен шәкірттер!

Қазақстан ғылымы орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті Философия кафедрасының доценті, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы мезгілсіз дүниеден өтті.

Қайнар Қалдыбайұлы – білім мен ғылымға өмірін арнаған, терең ойлы, ізденімпаз ғалым, дарынды ұстаз еді. Ол «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021», «Дарынды жас ғалым» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. Ұлыбритания, Түркия, Корея елдерінде ғылыми тағылымдамалардан өтіп, философия, дінтану және әлеуметтік ғылымдар саласында 100-ден астам ғылыми еңбек жариялады.

Қайнар Қалдыбайұлының ғылымға, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі мен жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.

Ізгі ниетпен,

Теология факультетінің ұжымы!