shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі ар-ұят пен адалдықтың орны»

«Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі ар-ұят пен адалдықтың орны» тақырыбында тәрбиелік кездесу өтті

Факультетімізге Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Әлайдар Ерсұлтан арнайы келіп, студенттермен «Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі ар-ұят пен адалдықтың орны» тақырыбында мазмұнды тәрбиелік кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ясауи іліміндегі адамгершілік құндылықтар, әсіресе ар-ұят пен адалдықтың қоғамдағы маңызы тереңінен түсіндіріліп, рухани тәрбиенің өзектілігі жан-жақты талқыланды. Студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тақырып аясында мазмұнды пікір алмасу жүргізді.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушыларға терең ой салды. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың рухани санасын қалыптастырып, тұлғалық дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.