shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

1-ШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

01.09.2026 ж. күні Теология факультетінде 1-курс білім алушыларымен танысу кездесуі өтті.

Іс-шара Теология факультетінің деканы Сұлтанмұрат Абжаловтың құттықтау сөзімен ашылды. Декан білім алушыларға факультеттің құрылымы мен басшылық құрамы, кафедралары, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Одан әрі Теология факультетінің профессоры Али Рыза Гүл университеттік білім беру мәдениеті мен академиялық жауапкершіліктің маңызына тоқталды. Теология және философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы білім мен дүниетанымның тұлға қалыптастырудағы орны туралы ой бөлісіп, жастарды ғылыми ізденіске шақырды. Ясауи ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD (философия докторы) Бауыржан Сайфунов ғылым мен рухани құндылықтарды сабақтастырудың маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында эдвайзерлер таныстырылып, бағдарлама университет инфрақұрылымына ұйымдастырылған экскурсиямен жалғасты.

Құрметті 1- курс білім алушылары, Теология факультетінің үлкен отбасына қош келдіңіздер! Жаңа оқу жылы білім мен ізденіске, жарқын бастамалар мен толағай жетістіктерге толы болсын!