«АДАЛДЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
Теология факультетінің Дінтану кафедрасының магистр оқытушысы Тілекеева Балайымның ұйымдастыруымен ТДТ-611 және ТДТ-411 топ студенттеріне «Адалдық – қоғамның басты құндылығы» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
Адалдық сағатын Тілекеева Балайым ашып, адалдықтың адам өміріндегі маңызына, оның тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдағы өзара сенімнің негізі ретіндегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар студенттерді адалдық пен әділдіктің күнделікті өмірдегі көріністеріне назар аударып, өз ойларын еркін білдіруге шақырды.
Одан әрі кездесу студенттердің белсенді қатысуымен жалғасты. Студенттер адалдық, әділдік, адамгершілік және жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Тақырыпты қызықты әрі мазмұнды ашу мақсатында түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, білім алушылар тапсырмаларға белсене қатысты.
Ойындар мен сұрақ-жауап барысында студенттер өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, адалдық ұғымын күнделікті өмірдегі нақты жағдайлармен байланыстыра білді. Белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Адалдық сағаты өзара пікір алмасу, белсенділік пен танымдық ойындарға ұштасып, студенттердің адалдық құндылығы туралы түсінігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Кездесу барысында адалдықтың адамның сөзі мен ісінен, таңдауы мен жауапкершілігінен көрінетін маңызды адами құндылық екені атап өтілді.
Сабақ кестесі
Исламдағы таухид ұғымы: ориенталистік көзқарас тұрғысынан талдау
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 