shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«ТАБИҒАТҚА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ»

Теология факультетінің оқытушысы Адиева Лаззаттың ұйымдастыруымен ТДТ-511 топ студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің ҒЗИ қарасты Ботаникалық бақ аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және туған жерге жанашырлықпен қарауға баулу.

Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғамға пайдалы іске белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Табиғатты аялау – бүгінгі ұрпақтың міндеті, келешекке қалдырар аманаты.