«Заң және тәртіп – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі»
Жастардың құқықтық мәдениетін нығайту және қоғамдағы заң үстемдігінің маңызын түсіндіру бағытында «Заң және тәртіп – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын құрметтеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Семинарда күнделікті өмірде заң нормаларын сақтаудың, жеке жауапкершілікті сезінудің және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ жастардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға басымдық берілді.
Тағылымды кездесу білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіруге және заң мен тәртіптің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Сабақ кестесі
Исламдағы таухид ұғымы: ориенталистік көзқарас тұрғысынан талдау
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 