Факультетіміздің 4-курс студенттеріне өндірістік тәжірибе басталды
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Ясауитану» орталығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің теология және дінтану білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 4-курс бітіруші студенттері үшін өндірістік тәжірибе басталды.
Өндірістік тәжірибе білім беру бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылып, студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және болашақ маман ретінде қалыптасуына бағытталған. Тәжірибе барысында студенттер «Ясауитану» орталығының ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстарымен танысып, тәжірибелік іс-шараларға қатысуда.
Аталған өндірістік тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді.
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 