shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Интернет-алаяқтықтың алдын алу – әр студент үшін маңызды!

Бүгін факультетіміздің студенттеріне Түркістан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы арнайы кездесу өткізіп, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері күн сайын артып, әсіресе жастарды нысанаға алып отырғаны жасырын емес. Осы орайда Жасұлан Әшірбекұлы студенттерге сақтық шараларын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы қауіпті жағдайлардан қалай қорғану керектігін айтты.

????«Бейтаныс сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді ешкімге бермеу және күмәнді ұсыныстарға сенбеу – интернеттегі қауіпсіздіктің басты қағидалары. Әр адам өз қауіпсіздігіне өзі жауапты», – деді спикер.

Сонымен қатар, ол:

????жалған онлайн-жұмыстар,

????банк атынан қоңырау шалатын алаяқтар,

????әлеуметтік желідегі алдау тәсілдері

жайлы кеңінен тоқталып өтті.

????«Алаяқтар сенімге кіру үшін түрлі психологиялық әдістерді қолданады. Сондықтан кез келген ақпаратты тексеріп, асығыс шешім қабылдамау қажет», – деп атап өтті Жасұлан Әшірбекұлы.

Мұндай түсіндіру жұмыстары студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде қауіпсіз жүріп-тұруына үлкен септігін тигізеді.