ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ӨКІЛІНІҢ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
2026 жылғы 14 ақпан күні «KING’S SCHOOL» оқу орталығында кәсіби бағдар беру мақсатында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті, философия кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Н.О. Жаныкулов арнайы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және ғылыми-зерттеу бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, талапкерлердің жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Ашық форматта өткен сұхбат барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Мұндай интерактивті кездесу кәсіби бағдар беру жұмысының нәтижелілігін арттырып, жастардың болашаққа деген сенімді қадам жасауына бағыт-бағдар берді.
Кездесу соңында талапкерлерге университет пен Теология факультетінің білім беру бағдарламалары туралы ақпараттық материалдар таратылып, қосымша кеңес алу мүмкіндіктері ұсынылды.
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 