Қызылорда жастарына – Ясауи университетінің Дінтану мамандығы таныстырылды
Қызылорда жастарына – Ясауи университетінің Дінтану мамандығы таныстырылды
Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, ХҚТУ доценті Қашымхан Дәуренқұлов 2026 жылдың 01–07 наурыз күндері Қызылорда қаласына іс-сапармен барып қайтты.
Іс-сапар барысында қызылордалық жастармен бірқатар кездесулер өткізіліп, зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Шаралар барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, ой-өрістерін кеңейтті.
Сонымен қатар кездесулерде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «Дінтану» мамандығы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оның қоғамдағы маңызы, ғылыми бағыты мен болашақтағы мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беретіні анық.
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 