shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Теология факультеті студенттерінің республикалық олимпиададағы жарқын жетістігі

 

Теология факультеті студенттерінің республикалық олимпиададағы жарқын жетістігі

2026 жылдың 25 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті базасында 6В02201 – «Философия» білім беру бағдарламасы бойынша ХVIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Аталған білім сайысына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультеті, Философия кафедрасының аға оқытушысы Тулеев Мақсаттың ғылыми жетекшілігімен құрылған «ТҰРАН» командасы қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.

Команда құрамында 6В02286 – «Философия–Дінтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Әбілқасым Ардақ Әділбекұлы, Жалымбетқызы Самия және 2-курс студенті Дайрабай Мөлдір Бауржанқызы болды.

Бұл жетістік – Теология факультетінде жүргізіліп жатқан сапалы білім беру мен ғылыми даярлықтың нәтижесі, сондай-ақ білім алушылардың философиялық-теологиялық ойлау мәдениеті мен зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін айқындайды.