ТАҒЫЛЫМДЫ САПАР – ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК БАҒДАР
19 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің оқытушылары **Мұстафа Доган Каражошкун, Көлеген Гүлбазар, Жаныкулов Нұрлыбек** және Психология-дінтану мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласына тағылымды сапар ұйымдастырылды.
Сапардың маңызды бөлігі – Түркия Республикасының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша құрметті консулы **Латипша Асановпен** кездесу болды. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи достық және мәдени байланыстар, ұлттық құндылықтар, ғылым мен білімнің маңызы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Сондай-ақ студенттердің Түркияда білім алу мүмкіндіктері сөз болып, білім алуға ниетті жастарға қолдау көрсетуге дайын екені айтылды.
Сапар барысында студенттер оқытушыларымен еркін форматта пікір алмасып, студенттік кезең, өмірлік тәжірибе, мамандыққа деген жауапкершілік және болашаққа мақсат қою мәселелері жөнінде тағылымды әңгімелер тыңдады. Әсіресе дін психологиясы мен психологиялық бағыттағы кәсіби тәжірибелері бар ұстаздардың студенттерге берген өмірлік кеңестері мен бағыт-бағдары кездесудің тәрбиелік мәнін арттыра түсті.
Ресми кездесуден бөлек, студенттер мен оқытушылардың бірге уақыт өткізуі өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Сапар барысында саябақта серуендеп, кейін ойын-сауық орталығында бірге уақыт өткізу арқылы студенттер ұстаздарымен бейресми ортада еркін әңгімелесіп, өзара қарым-қатынасты нығайта түсті.
Осындай тағылымды кездесулер студенттердің **өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, тиімді қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, психологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға және болашаққа сенімді қадам жасауына** ықпал етеді.
Сабақ кестесі
Исламдағы таухид ұғымы: ориенталистік көзқарас тұрғысынан талдау
Кәләм ғылымының танымы және негізгі тақырыптары
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 