Теология факультетінде – жаңа студент-декан!
Жиынды факультетіміздің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Қыпшақбаев Нұрперзент ашып, студенттерге оқу ережелері, тәрбие жоспарлары және студенттік өзін-өзі басқару құрылымының маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Студент-декандыққа үміткер ретінде 2-курс студенті Сәрсенбай Сәттіғұл өз кандидатурасын ұсынып, барлық студенттердің толық қолдауына ие болды. Бұл – жастардың бірауыздылығы мен ортақ мақсатқа адалдығының айқын көрінісі.
Сонымен қатар бұрынғы студент-декан Рысбай Аймереке мен факультетіміздің белсенді жастары жаңа студенттерге өз тәжірибелерін жеткізіп, қоғамдық өмірге белсене араласудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
✨ Жиын соңында 1-курс студенттері арасынан жаңа белсенділер іріктеліп, факультет пен университет өміріне тың серпін беретін жас көшбасшылар қатары толықты.
???? Бұл шара – студенттердің тек білім алып қана қоймай, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуына жол ашатын игі бастама болды.
ЕМТИХАН КЕСТЕСІ
“Пайғамбар, сахаба және табиғин кезеңдеріндегі тафсирлер”
Этика пәнін coursera платформасына тәжірибесі әдістемелік және практикалық қырлары
"Осман мемлекетінің ислам тарихындағы орны" атты семинар
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 