shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Университет ректорының есебі және Дінтану кафедрасының ұжымдық талқылауы

Университет ректоры Жанар Амангелдіқызының 2024–2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша көпшілік алдындағы қорытынды есебін Теология факультетінің кафедралары, атап айтқанда Теология, Дінтану және Философия кафедралары өз мәжілістерінде талқылап, алдағы уақытта жасайтын жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындады.

Кафедра ұжымымен болған талқылауды төмендегідей түйіндеуге болады ????

???? Ясауи университеті – рух пен білім тоғысқан мекен

Биылғы ректор есебі – жай ғана сандар мен кестелер емес.

Бұл – Ясауи университетінің ішкі жаңаруы мен рухани серпілісінің айқын көрінісі.

???? QS пен THE сияқты беделді халықаралық рейтингтерде университетіміздің жоғары нәтижелерге жетуі – адал еңбек пен жүйелі дамудың жемісі.

????️ Университет қабырғасында Теология факультетінің ашылуы да – осы өрлеудің бір бөлігі.

«Ясауи университетінде Теология факультетінің болуы – табиғи заңдылық»,

– деген ректорымыз Жанар Амангелдіқызының сөзі бүгінде нақты шындыққа айналды.

???? Елімізде дінтану мамандығы алғаш рет 1992 жылы дәл осы Ясауи университетінде ашылған болатын.

Бүгінде Қазақстанның дін саласында еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдар мен мамандар – Ясауи мектебінің түлектері. Бұл – даусыз ақиқат.

???? Қазіргі таңда Теология факультеті аймақтық және ұлттық деңгейде теологиялық білім берудің жетекші орталығына айналды.

???? Биыл факультет төрт ғылыми гранттық жобаны жүзеге асырып, оқу мен зерттеу үдерісін жаңа деңгейге көтерді.

???? Аудиториялар заманауи смарт-тақталармен, ыңғайлы жаңа мебельдермен жабдықталды.

????‍???? Оқытушылар жаз айларында Анкарадағы Ислам ғылымдары институтының базасында біліктілігін арттырды.

Жыл сайын Түркиядан өз саласында беделді бес профессор келіп дәріс береді – бұл түркі рухани сабақтастығының нақты көрінісі.

???? Биыл еңбек демалысынан кейінгі алғашқы айлықтарын алған оқытушылар жалақының өскенін сезіп, ректордың қамқорлығына ризашылығын білдіруде.

Ясауи университеті – тек білім ордасы емес, рух, сана және ғылымның үйлескен кеңістігі.

Ал біздің Теология факультеті – сол рухтың тірі тамыры.

???? Біз адал еңбек етіп, ашықтық пен толеранттылық қағидаттарын ұстана отырып, қоғамның рухани тұтастығын нығайтуға қызмет етеміз.