Құрмет мәдениеті – буллингке қарсы ең мықты қару
Бүгін Теология факультетінде куратор З.Базарбаева студенттермен «Құрмет мәдениеті – буллингке қарсы ең мықты қару» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге қоғамның дамуы өзара құрмет пен түсіністікке негізделетіні, әрбір тұлғаның қадірін білу, пікірін сыйлау және мейіріммен қарау – адамгершілік мәдениетінің басты көрінісі екені түсіндірілді.
Буллингтің жеке тұлғаға ғана емес, бүкіл ұжымдық ортаға зиян келтіретіні айтылып, оның алдын алудың ең тиімді жолы – құрмет мәдениетін қалыптастыру екені атап өтілді.
Куратор студенттерді бір-біріне сыйластықпен қарап, жылы сөз айтып, қолдау көрсетуге шақырды.
Себебі құрмет мәдениеті – тек әдептің өлшемі емес, рухани кемелділіктің көрсеткіші. Ол достықты нығайтып, сенімді арттырады, әділдік пен ізгілікке жол ашады.
Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары студенттердің санасында мейірім мен сыйластыққа негізделген қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған.
«25 қазан – Республика күні» 