Тарих және жалпы ақпарат
Кафедра университетімізде құрылған алғашқы кафедралардың бірі болып саналады. 2021-2022 оқу жылында жаңадан Теология факультетінің құрылуына орай «Дінтану» кафедрасы қайтадан жасақталды.
«Дінтану» кафедрасы барлық білім беру бағдарламаларына Ясауитану пәнін жүргізеді. Сонымен қатар, 6В02228-Дінтану ББ, 7М02211-Дінтану білім беру бағдарламаларымен мамандар даярлауда. Қазіргі таңда кафедрада жалпы саны 13 ОПҚ, оның ішінде 1 ғылым докторы, 1 туркиялық профессор, 2 ғылым кандидаты, 4 PhD, 4 аға оқытушы, 1 магистр оқытушы қызмет етуде. Кафедра оқытушылары әр оқу жылында педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында біліктілік жетілдіру курстарына қатысып отырады.
Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының жалпы саны – 13. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 1 туркиялық профессор, 2 ғылым кандидаты, 4 PhD, 4 аға оқытушы, 1 магистр оқытушы.
Кафедра оқытушылары тұрақты түрде өздерінің біліктілігін арттыру жұмысымен айналысады. Біліктілікті арттырудың негізгі формалары: курстар, семинарлар, тренингтер болып табылады.
Оқытушылардың өз біліктіліктерін арттыруға мүдделілігі тікелей кафедраның жұмысының басты мақсатымен байланысты – оқытудың жоғары ғылыми - теоретикалық және әдістемелік деңгейі, біліктілігі жоғары шығармашылық мамандарды даярлау. Сондықтан кафедрада мақсаты білім беру үрдісінің сапасын үздіксіз арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру болып табылатын оқыту - әдістемелік жұмысқа аса үлкен назар аударылады.
Жыл сайын оқу үрдісіне қажетті оқу құралдары, силлабус, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, лекциялық курстар қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде дайындалады.