shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

  • Кафедра ұжымы Витилиго оқыту жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік V Халықаралық мастер- класс өткізді. 
  • Визитинг - дәрістерді ұымдастырып Ресей Федерациясынан және Беларуссиядан профессорлар м.ғ.д. Козлов С.С., Карпов И.А. шақырылды. 
  • Кафедра ұжымы «Медициналық физиология және нутрициология – денсаулық пен ұзақ өмір негізі» атты профессор А.А.Утепбергеновты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференцияны өткізді. 
  • Кафедра меңгерушісі Г.А. Өтепбергенованың жетекшілігімен қызметкерлер 4 магистрлік диссертация қорғады - Медетова А., Нурбекова Г.А., Отарбаева А.П., Сагитова С.С. Түркістан облысының дәрігерлеріне арналған "COVID-19: этиология, эпидемиология, патогенез, жағдайды стандартты анықтау, клиникалық түрлері, асқынулары, емі» тақырыбында Қ. А.Ясауи атындағы Шымкент кампусының «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасының  оқытушыларымен өткізілген онлайн режиміндегі  семинарға 500 дәрігер қатысып, 40 медициналық мекеме қамтылды.
  • Шымкент қаласының Денсаулық Сақтау Басқармасының хаттамасымен КВИ COVID-19   пандемия кезіндегі «Грипп, ЖРВИ және КВИ-дің ересектер мен балалардағы клиникалық емдік протоколы мен диагностикасы» және «Қызылша»  туралы  Қ. А.Ясауи атындағы Шымкент кампусының «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасының  оқытушыларымен, Қалалық емханаларда дәрігерлер арасында онлайн-лекциялар өткізілді. 
  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң  Шымкент кампусының студенттердің жатақханасында  «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби кеш өтті. Өткізілген іс-шара туралы мәлімет «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газетінде 2021ж. №160  жарық көрді. 
  • 2023 жылдың 1 желтоқсанында кафедра қызметкерлері студенттерге АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша семинар өткізді. 
  • Профориентацияны ОПҚ мектептерде және колледжде  жүргізеді. 
  • Медицина ғылымдарының докторы, доцент Өтепбергенова Г.А. академик М.А.Әлиевтің 90 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «ҒМҚА дифференциалды диагностикасы» баяндамасымен шықты. және Қазақстан-Ресей медицина университетінің 30 жылдығына арналған «Ертеңгі күннің медицинасы: академик М.А.Әлиевтің ғылыми мұрасы 19.06.2023. Алматыда.
  • Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.Утепбергенова Г.А. академиялық ұтқырлық бойынша 2023 жылдың қазан айында Қырғызстан Республикасы, Ош мемлекеттік университетінің халықаралық медицина факультетінің студенттеріне арналған дәрістермен оқуға барды.
  • Аға оқытушы, м.ғ.к., Қамытбекова Қ.Ж. және кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Өтепбергенова Г.А. 2023 жылғы 29-30 қазанда Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында өткен Қырғызстанның жұқпалы аурулар және гепатологтар конгрессіне қатысып, баяндамалар жасады.