shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Уроандрологиядағы негізгі трендтер» IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

**ПРЕСС-РЕЛИЗ**

«Уроандрологиядағы негізгі трендтер» IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2026 жылғы 17–20 қыркүйек аралығында Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультетінің Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы мен «Оңтүстік Қазақстан урологтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Уроандрологиядағы негізгі трендтер» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – урология және андрология салаларындағы заманауи ғылыми жетістіктерді талқылау, диагностика мен емдеудің инновациялық тәсілдерін тәжірибеге енгізу, сондай-ақ отандық және шетелдік мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара аясында 17 қыркүйекте Облыстық клиникалық аурухананың урология бөлімінде тәжірибелік шеберлік сағаты өткізілді. Қатысушыларға заманауи операциялық әдістер көрсетіліп, келесі бағыттар бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырылды:

- лапароскопиялық реконструкциялық-пластикалық операциялар;
- қуықасты безінің лазерлік энуклеациясы;
- мини-перкутандық нефролитотрипсия.

Шеберлік сағаты барысында хирургиялық араласулардың негізгі кезеңдері, операциялық техниканың ерекшеліктері, пациенттерді іріктеу қағидалары және операциядан кейінгі бақылау мәселелері талқыланды.

Конференцияның негізгі ғылыми бағдарламасы 18–19 қыркүйекте «Алма-Тау» курортында өтті. Ғылыми жиын барысында уроандрологияның өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар тыңдалып, күрделі клиникалық жағдайлар қарастырылды. Мамандар урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, аз инвазивті және эндоскопиялық хирургия, реконструкциялық урология және ерлер денсаулығын сақтау бағыттары бойынша пікір алмасты.

Конференция жұмысына практикалық денсаулық сақтау саласының мамандары, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және 1–3-курс уролог-резиденттері қатысты. Резиденттер үшін бұл іс-шара кәсіби білімдерін жетілдіруге, озық хирургиялық технологиялармен танысуға және жетекші мамандардың тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді.

IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция урология мен андрология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді кәсіби алаңға айналып, медициналық ұйымдар мен мамандар арасындағы ғылыми-тәжірибелік байланысты одан әрі дамытуға ықпал етті.