shape
shape

Миссия және көрініс

Миссия және көрініс

Миссия

Қазақстан мен түркітілдес елдерде денсаулық сақтаудың озық инновациялық әдістерін енгізетін, медициналық білімнің, ғылым мен тәжірибенің дамуына үлес қосатын заманауи талаптар мен міндеттерге жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Міндет

  • Клиникалық диагнозды қалыптастыруға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілеттігін дамыту;
  • Қауіп-қатерлерді бағалауға және жоғары қауіпсіздік деңгейін және медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті мамандар даярлау;
  •  Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық  деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу дағдыларын дамыту;
  • Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде  ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби маман қалыптастыру;