shape
shape

Хабарландырулар

ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ «БІЛІМГЕ ИНВЕСТИЦИЯ – МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ»

Аннотация

«Білімге инвестиция – мейіргер ісінің тұрақты дамуы» атты халықаралық қатысумен өткен Қазақстан мейіргерлерінің IV съезі материалдарының жинағына Қазақстан Республикасы мен шетелдердің жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдары және практикалық денсаулық сақтау мекемелері ғалымдарының, оқытушыларының, дәрігерлерінің, мейіргерлерінің және денсаулық сақтау саласы мамандарының ғылыми еңбектері енгізілді.

Жинақта мейіргерлік білім беру, клиникалық практика, қоғамдық денсаулық сақтау, дәлелді медицина, цифрлық денсаулық сақтау (Digital Health), жасанды интеллект технологиялары, ғылыми зерттеулер, денсаулық сақтау менеджменті, көшбасшылық және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған мақалалар жарияланған.

Басылым медицина саласының мамандарына, ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, магистранттарға, докторанттарға, резиденттерге және студенттерге арналған.

 

Мақалалар авторлық редакцияда түпнұсқа тілінде жарияланған.

 

Кілт сөздер: мейіргер ісі, медициналық білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау, дәлелді медицина, цифрлық денсаулық сақтау, жасанды интеллект, ғылыми зерттеулер, халықаралық ынтымақтастық.

 

Қазақстан мейіргер ісі мамандарының IV съезінің материалдары «Білімге инвестиция — мейіргер ісінің тұрақты дамуы»