Білім беру бағдарламасы
8+
Білімгер
294+
Жұмыспен қамтылған
100%
ОПҚ
90+

Біз туралы

2009 жылы Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы оқу-клиникалық базасында құрылды. 2009-2010 оқу жылынан бастап 2020-2021 оқу жылына дейін профессор Сатханбаев Аскар Зайдуллаевич кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін  м.ғ.к., профессор Муканова Улжан Абилбековна атқарып келеді. Кафедрада интернатура «5В130100-Жалпы медицина» және резидентура бойынша білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етеді:

  • 7R01103 - Жалпы хирургия 
  • 7R01109- Ересектердің, балалардың нейрохирургиясы
  • 7R01112- Ересектердің, балалардың анестезиология және реаниматологиясы 
  • 7R01111- Ересектердің, балалардың офтальмологиясы
  • 7R01118 - Балалар хирургиясы
  • 7R01128 - Ересектердің, балалардың ангиохирургиясы
  • 7R01131 – Ересектердің, балалардың бет-жақ хирургиясы
Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасыРезидентура

Резидентура

7R01112 — Ересектердің, балалардың анестезиология және реаниматологиясы

Ересектердің, балалардың анестезиология және реаниматологиясы
Бағдарлама нәтижелері
  • Адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.
  • Өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа да мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
Қабылдау шарттары
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  • Кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  • Жоғары медициналық оқу орындары;
  • Ғылыми-зерттеу институттары;
  • Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
Элективті пән каталогы

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (725) 255 14 54

Электрондық пошта

har@ayu.edu.kz