shape
shape

Бағдарламалар

Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті / Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы / Резидентура

7R01132 - Пластикалық хирургия (ересектер, балалар)

Course Image Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті Хирургия және анестезиология-реанимация кафедрасы

  •    Пластикалық хирургияда қолданылатын диагностиканың негізгі заманауи әдістерін меңгереді, зертханалық және аспаптық диагностикалық әдістердің нәтижелерін саралайды.
  •    Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті                   
  •    Медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және ең тиімді әдістерді қолдануға қабілетті, негізгі манипуляциялар мен операцияларды орындау дағдыларын меңгереді
  •    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық өрісі шеңберінде пластикалық хирургия мамандығы бойынша әрекет етуге қабілетті; (ОН4)
  •    Барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті
  •    Пластикалық хирургияда жаңа технологиялар мен әдістемелерді өз бетінше үйренуге және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға қабілетті
     
  •    Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  •     Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
  •     Кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
  •     Жоғары медициналық оқу орындары;
  •     Ғылыми-зерттеу институттары;
  •     Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  •     Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар