shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктері

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

  • 7R01104 – «Ересектердің, балалардың неврологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өткен. Куәліктің жарамдылық мерзімі: 28.05.2022-27.05.2027 ж. Тіркеу нөмері: SA-A №0244/5.
  • 7R01113 – «Психиатрия ересектердің, балалардың» білім беру бағдарламасы бойынша 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өткен. Куәліктің жарамдылық мерзімі: 06.05.2023-05.05.2028 ж. Тіркеу нөмері: SA-A №0272/5.
  • Кафедра Түркістан облысының тәжірибелік дәрігерлері үшін аймақтық ғана емес халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, білім алушы мектептер ұйымдастырып отырады. Кафедра нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланған жаңа, заманауи дәрілік препараттардың апробациясына қатысады. Жыл сайын кафедраның ұйымдастырылуымен неврологиялық аурулардың өзекті мәселелері бойынша Халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.
  • 2022 жылдың наурыз айының 17-18 күндері Түркістан қаласында «Неврология. Обсуждение наболевших проблем» атты тақырыпта Халықаралық деңгейдегі ғылыми практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Ғылыми жобалар:

«Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасы ғылыми-зерттеу жұмысын белсенді түрде жүргізеді. Кафедраның ОПҚ және доценттері бакалаврлардың, дәрігер-интерндердің, дәрігер-резиденттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жетекшісі болып табылады. Кафедрада көптеген магистрлік және докторлық, диссертация қорғалған. Сонымен бірге кафедрадада студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. ОПҚ білім алушылармен бірігіп ғылыми жұмыстар жүргізеді, оның нәтижелерін ғылыми журналдарға жариялайды және жыл сайын өткізілетін жас ғалымдардың ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасап, жүлделі орындар алуда.  Кафедра ұжымы педагогика және неврология бойынша тек Қазақстанда ғана емес, шет елдердеде (ТМД елдерінде, Латвия, Австрия, Франция, Германия,  Испания) жүйелі түрде жыл сайын үздіксіз біліктілігін жоғарылатып отырады. 

ОПҚ марапаттары, алғыс хаттары:

  • 2010 жылы кафедра меңгерушісі Абасова Гаухар Бегалиевна ҚР білім және ғылым министерінің «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға үлес қосқаны үшін» медалымен марапатталды.  
  • 2021 жылы маусымның 03 күні кафедра меңгерушісі Абасова Гаухар Бегалиевна Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Студенттердің марапаттары, алғыс хаттары:

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент кампусы, Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультет студенттерінің 2023-2024 оқу жылындағы XXXII ғылыми-теориялық конференциясының «Клиникалық терапия» секциясы бойынша 7R01104 – «Ересектердің, балалардың неврологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1 курс резиденттері Сүннатова Б.Б. II дәрежелі, Равшанов Б.М. III дәрежелі дипломмен марапатталды.