Білім беру бағдарламасы
3+
Білімгер
151+
Жұмыспен қамтылған
80%
ОПҚ
22+

Біз туралы

2009 жылы доцент Абасова Гаухар Бегалиевнаның  жетекшілігімен  «Жүйке аурулары және шығыс медицинасы» кафедрасы құрылды. 2016 жылы кафедра  атауы «Неврология, психиатрия, наркология» болып өзгертілді. Қазіргі таңда Г.Б.Абасова кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Кафедрада оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01104-«Ересектердің, балалардың неврологиясы», 7R01113 «Психиатрия ересектердің, балалардың», 7R01117 «Ересектердің, балалардың физикалық медицина және реабилитациясы» резидентура білім беру бағдарламалары. Тәжірибе сабақтар интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады. 

Неврология, психиатрия, наркология кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Неврология, психиатрия, наркология кафедрасыРезидентура

Резидентура

7R01117 — Ересектердің, балалардың физикалық медицина және реабилитациясы

Ересектердің, балалардың физикалық медицина және реабилитациясы
Бағдарлама нәтижелері
  • Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті .
  • Пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
     
Қабылдау шарттары
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Mеншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары, кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары, жоғары медициналық оқу орындары ,ғылыми-зерттеу институттар, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
     
Элективті пән каталогы

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз