Тарих және Жалпы ақпарат

Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы 1999 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы оқу-клиникалық базасында құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы А.К.Баймағамбетов тағайындалып, 2020 жылға дейін қызмет атқарды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2024 жылғы 1 қыркүйегіне дейін м.ғ.к. Г.Е. Калдыгозова қызмет атқарды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазір уақытқа дейін PhD Ерназаров Адилет Азретович атқарып келеді.
«Арнайы хирургиялық пәндер» кафедрасында интернатурада «Жалпы медицина» мамандығының 6,7 курс білімгерлері және резидентура «Оториноларингология ересектердің, балалардың», «Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың», «Урология ересектердің, балалардың», «Онкология ересектердің» мамандықтарының 1-3 курс білімгерлері білім алады.
2024-2025 оқу жылы негізгі оқытушылар саны - 10, қосымша оқытушылар саны - 35. Білім алушылар саны: резиденттер – 100, интерндер – 322.
Кафедрада білім беру сапасын басқару жүйесі жоспары құрылған және оның орындалуы кафедра мәжілістерінің хаттамаларында қаралған. Білім алушылар білімдерінің және оқу пәнінің берілуі сапасын көтеру мақсатында университетте сапа менеджменті жүйесі (ҚР СТ ИСО – 9001 – 2001) енгізілген.
Қазіргі заманауи озық педагогикалық тәжірибелерді сабақта қолдана білу және дүние жүзілік ЖОО-ның жаңаша оқу әдістерін үйрену арқылы, оқыту барысында барлық сабақтар жаңа технологияға сай, яғни интербелсенді әдістерді пайдалана отырып жүргізіліп отырды, практикалық сабақтарда көрнекі құралдар пайдаланылып, мамандық бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету жағдайлары жасалды.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақты сапалы әрі қызықты өтуге ұмтылуда. ОПҚ-ның сабақ өту барысында мультимедиалық оқыту технологиясы, деңгейлік-саралап оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиясы, тренингтік оқыту технологиясы және проблемалық оқыту технологиясы кеңінен қолданылады. Оқытушыларының сабақ беру барысында жаңа технологиялар мен әдістемелерді кеңінен қолданылуына байланысты, студенттердің үлгерімі жылдан-жылға артуда.