Білім беру бағдарламасы
5+
Білімгер
150+
Жұмыспен қамтылған
72%
ОПҚ
33+

Біз туралы

Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы 1999 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы  оқу-клиникалық базасында құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы А.К.Баймағамбетов тағайындалып, 2020 жылға дейін қызмет атқарды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазір уақытқа дейін медицина ғылымының кандидаты Калдыгозова Галия Еркимбековна атқарып келеді.

Кафедрада интернатура  «5В130100-Жалпы медицина» және резидентура бойынша білім беру бағдарламалары дайындалады:

  • 7R 01115- Ересектердің, балалардың кадиохирургиясы
  • 7R01119 - Ересектердің, балалардың оториноларингологиясы
  • 7R01120- Ересектердің, балалардың травматология-ортопедиясы
  • 7R01121- Ересектердің, балалардың урология және андрологиясы 
  • 7R01124- Ересектердің онкологиясы

Кафедраның ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші: 39,1%, оның ішінде ғылым докторы – 8,6%, ғылым кандидаты – 30,4%. 

Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Арнайы хирургиялық пәндер кафедрасыРезидентура

Резидентура

7R01115 — Кардиохирургия (ересектер, балалар)

Кардиохирургия (ересектер, балалар)

Әмбебап, кәсіби және кәсіби-мамандандырылған құзыреттер жүйесіне ие, бастапқы медициналық-санитариялық көмек жағдайында өз бетінше кәсіби қызмет үшін қабілетті және дайын, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін білікті кардиохирург-дәрігерді даярлау.

Бағдарлама нәтижелері

- медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті (ОН1);
- пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті (ОН2);
- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің  жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалайды және кардиохирургияда тиімді емдеу әдістерін қолданады(ОН3);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде өз мамандығы бойынша әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби емес командалар құрамында жұмыс істеуге қабілетті (ОН4);
- барабар зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқорларды тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті (ОН5);
-өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың өзге де нысандарына белсенді қатысуға қабілетті (6) 

Қабылдау шарттары
  • Резидентураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Резидентураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Резидентураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын резидентураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы

- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және   нысандағы денсаулық сақтау ұйымдары;
- кәсіптік медициналық білім беру ұйымдары;
- жоғары медициналық оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
 

Элективті пәндер катологы

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+77029627881

Электрондық пошта

ahp2023@ayu.edu.kz