shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Доцент Тоқбергенова С.М. 2006 жылы Тель-Авив қ. (Израиль) «Sheba» университеттік клиникасында кәсіби біліктілігін арттырды және 2013 жылы Анкара қ. (Түркия) Хадже Теппе университетінде медициналық білім беру курсына қатысты.

Кафедраның доценті Калменова П.Е. 2005 және 2006 жылдары Тель-Авив университетінде (Израиль) жоғары медициналық білім беру курсында және 2013 жылы Анкара қ. (Түркия) Хадже Теппе университетінің медициналық білім беру курсында кәсіби біліктілігін арттырды.

  • 2018 жылы Эрджиес, Кайсери (Түркия) қаласында  резидентура бойынша тәжірибе алмасты.
  • 2018 жылы Қарағанды медицина университетінде (медициналық білім беру тьютор курсы) біліктілік арттырды.
  • 2024 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясының Пенза қаласында өткен V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша 1 орынды иеленді.

Оның 68-ден астам ғылыми жұмыстары, соның ішінде халықаралық басылымдары бар. 10 оқу-әдістемелік және оқу құралдарының авторы.

2018-2019 оқу жылының  11 -22 ақпан  аралығында оқытушы Қылышбекова Г.Н., аға оқытушысы Абдиева А.М. Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен “Сәбилерге патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі” атты біліктілік курсына қатысып, білімдерін шыңдады. Біліктілік курсы сәтті аяқталып, аталмыш біліктілік курсын ұйымдастырушылары кафедрамыздың оқытушыларын сертификаттармен марапаттады.

2018-2019 оқу жылының  26 -30 наурыз  аралығында оқытушы Қылышбекова Г.Н., аға оқытушысы Абдиева А.М. Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен “Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі” атты  тренингке қатысып, білімдерін шыңдап,кафедрамыздың оқытушыларына жаттықтырушы сертификаттары  берілді.Тренингтегі алған білімдерінің арқасында көптеген дәрігерлермен медбикелер,болашақ дәрігерлерімен патронажды қызмет бойынша білімдерімен бөлісті.