
- 2024 жылдың қаңтарында кафедра доценті Калменова П.Е. Ресей Федерациясының Пенза қаласында өткен V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша 1 орынды иеленді.
2025 жылы кафедра профессор-оқытушы құрамы: Тоқбергенова С.М., Туктибаева С.А. және Джуманкулова Н.Р. академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ташкент мемлекеттік медицина институтына барды.
2025 жылы кафедра меңгерушісі,м.ғ.к., доцент Токбергенова Света Менлиаевна ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталды.
2025 жылы кафедра оқытушысы Кылышбекова Г.Н. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2025 жылы желтоқсанда өткен Студенттік ғылыми-практикалық конференциясында кафедра оқытушысы Г.Н. Кылышбекованың жетекшілігімен 2 курс резидент-педиатр Асель Асқар жүлделі орынға ие болды.
2026 жылдың 9 қыркүйегінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Тоқбергенова Света Менлитаевна Ташкент қаласына барып қайтты. Ташкент қаласында Тоқбергенова С.М. Өзбекстан педиатрларының ұлттық конгресі аясында «Балалардағы иммунопрофилактика: мәселелері және шешімдері» тақырыбында халықаралық қатысумен баяндама жасап, шеберлік сабағын өткізді.
2026 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласында Балалар аурулары бөлімінің 25 жылдығына арналған халықаралық «Педиатрия бүгін: стандарттарды қайта қарау және жаңа мүмкіндіктер» атты XXI ғылыми-практикалық конференцияға «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент С.М.Тоқбергенова және кафедра доценті П.Е.Калменова мен оқытушы Г.Н.Кылышбекова қатысты.
14.10.2026 ж.сағат 11: 00-де кітапханада электрондық базаларды таныстыру бойынша вебинар өтеді.
08.10.-09.10.2026ж. Алматы қаласында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Диплом тапсыру салтанатына шақырамыз
2024-2029 жж Даму бағдарламасы бойынша 2026 жарты жылдық есебі 