shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ДДСҰ кеңесшісі Бабаева Б.Н. «Педиатрия» кафедрасына мониторинг жасады

2026 жылдың 28 қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті «Педиатрия» кафедрасында   Иммундау бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартудағы ілгерілеуді бағалау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық зерттеулер және даму департаментінің мамандары  ДДСҰ сарапшыларымен бірлесіп  мониторингтік сапар жасады.  

Сапар барысында университет әкімшілігімен кездесулер, тиісті кафедралармен жұмыс, оқытушылармен және студенттермен сұхбаттар, семинарды бақылау және курсты оқу процесіне енгізудің одан әрі қадамдары талқыланды. ДДСҰ кеңесшісі Баян Намановна Бабаева «Педиатрия» кафедрасында  интерндер мен  резиденттерге  «Вакцинациядағы тұлғааралық коммуникация дағдыларының» оқытылу барысын бақылады. Кафедраның аға оқытушысы Рашимбетова В.М. «Күтім көрсетуші тұлғаларды түсінуге бағытталған белсенді тыңдау дағдылары» тақырыбында презентация өткізді. Білім алушылар арасында рөльдік ойындар, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Қала тұрғындары арасында вакцинация бойынша  сауалнама жүргізіліп, қорытындылары талқыланды.