shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Педиатрия» кафедрасының ОПҚ-ы Астана қаласына конференцияға қатысты.

11 қыркүйекте Астана қаласында   Балалар аурулары бөлімінің 25 жылдығына арналған халықаралық «Педиатрия бүгін: стандарттарды қайта қарау және жаңа мүмкіндіктер» атты XXI ғылыми-практикалық конференция өтті.  Іс-шараны ОО «Астана қаласының педиатрлар қауымдастығы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен НАО «Астана медицина университеті» бірлесіп ұйымдастырды. 

 Конференцияға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру факультеті  «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент С.М.Тоқбергенова және кафедра доценті П.Е.Калменова мен оқытушы Г.Н.Кылышбекова қатысты. Сондай-ақ,  форум жұмысына Түркия, Ресей және Өзбекстаннан жетекші сарапшылар қатысты.

Конференцияда  педиатриядағы респираторлық патологияның өзекті мәселелері, балалар инфекцияларының алдын алу, балалардағы асқазан-ішек жолдарының функционалдық және органикалық аурулары, баланың тамақтану денсаулығын қамтамасыз ету және күнделікті клиникалық тәжірибе үшін маңызды басқа да тақырыптар қаралды.