shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Педиатрия кафедрасы  университет Сенатының  шешімімен 2009   жылы  құрылған. Кафедраның  алғашқы меңгерушісі болып  профессор К.Асқамбаева тағайындалып, 2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін м.ғ.к., доцент Тоқбергенова Света Менлитаевна басқарып келеді.

Кафедрада оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: «5В130100-Жалпы медицина» интернатура мамандығы, 7R01101-«Педиатрия», 7R01125-«Неонатология» резидентура білім беру бағдарламалары. Дәрістер интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады. 

Кафедраның   ғылыми  потенциалының  пайыздық  көрсеткіші  - 42%., оның ішінде: ғылым  кандидаттары-7, PhD-1, магистр-оқытушысы-4.