КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР
«AI Research Lab» зертханасы
Жасанды интеллект және интеллектуалды деректерді талдау зертханасы
ОРНАЛАСУЫ
№309
аудитория
АУДАНЫ
52,1 м²
зертхана аумағы
ОРЫН САНЫ
10
орын
Зертхана туралы
«AI Research Lab» зертханасы жасанды интеллект, машиналық оқыту, компьютерлік көру және интеллектуалды деректерді талдау бағытындағы оқу-зерттеу қызметіне арналған. Компьютерлік жұмыс орындары мен бейнеқұрылғылар деректерді өңдеу, алгоритмдерді тестілеу, бейнелерді талдау және интерактивті прототиптерді демонстрациялау бойынша студенттік және ғылыми жобаларды ұйымдастыруға негіз бола алады.
Мақсаты
Жасанды интеллект технологияларын зерттеу, модельдеу және қолданбалы міндеттерді шешу бойынша білім алушылардың зерттеу құзыреттерін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері
01. Машиналық оқыту және терең оқыту алгоритмдерін деректер жинақтарында зерттеу.
02. Компьютерлік көру, кескіндерді өңдеу және объектілерді тану бойынша тәжірибелік тапсырмалар дайындау.
03. Интеллектуалды сервистер мен демонстрациялық прототиптерді әзірлеу және бағалау.
04. Ғылыми жобаларға қажет деректерді дайындау, модельдерді салыстыру және нәтижелерді визуализациялау.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
10
PHILIPS компьютерлік жұмыс орны
32 ГБ жедел жады, 1 ТБ сақтау орны
Камера
Дрон
Интерактивті панель
«Яндекс Алиса» құрылғысы
3D LED FAN голограммалық құрылғы
ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ
Дүйсенбаева К.А.
NEXTGEN FEST - IT Апталығының ХАКАТОН кейстары
NEXTGEN FEST - IT Апталығы
«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Нақты уақыттағы адам жаттығуларын тану және бағалау үшін позаға негізделген уақыттық модельдеу
СПАРТАКИАДА — 2026
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау 