Білім беру бағдарламасы
7+
Білімгер
340+
Жұмыспен қамтылған
80%
ОПҚ
30+

Біз туралы

Кафедра ақпараттық жүйелер, компьютерлік инженерия, жасанды интеллект және деректерді талдау бағыттары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды. Оқу үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар қолданылып, студенттердің ғылыми-зерттеу және практикалық дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Кафедра базасында «SMART SENSOR SYSTEMS LAB», «HUAWEI ICT ACADEMY» және Cisco академиясы жұмыс істейді. Өндірістік серіктестік, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық белсенді дамытылуда. Кафедра білім беру сапасын арттыруға, инновациялық зерттеулер жүргізуге және еңбек нарығына қажетті жоғары білікті IT мамандарын даярлауға бағытталған. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны PhD А. Н. Аманов басқарады.

Компьютерлік инженерия кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Компьютерлік инженерия кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B06181 — Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау

Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау

Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді талдау, өңдеу, болжам жасау және статистикалық және ғылыми зерттеулерде тиімді жұмысты іске асыруға қабілетті ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

Бағдарлама нәтижелері
  • Әзірленген көрнекі ақпарат объектілерінің сапасына бағалап және қолданбалы кескіндерді өңдеу, талдау және тану мәселелерін шешу арқылы интерактивті дизайнды жобалайды. 
  • Аппараттық және математикалық құралдарға, жергілікті есептеу желілеріне және коммуникациялық жабдықтарға қызмет көрсетеді . 
  • Жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде Smart-технологиялар мен IT-жобаларды басқару құралдарын қолданады, жобаның тәуекелдері мен тиімділігін сапалы және сандық бағалауды жүргізед .
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мобильді, мультимедиялық, Web-қосымшаларды, VR және Ar қосымшаларды, дерекқорларды қоса алғанда, қорғалған клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеуге арналған Заманауи бағдарламалау, тестілеу, ақпаратты қорғау технологияларын және аспаптық құралдарды меңгерген.
     
Қабылдау шарттары
  • Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
Оқу жұмыс жоспарлары
Білім беру бағдарламалары
Элективті пәндер каталогы
Кәсіби қызмет саласы
  • Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. 
  • Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері ақпараттық процестер, технологиялар, деректер, талдау әдістері мен тәсілдері, сұрыптау, жобалау, мекемелердің әртүрлі салалық ақпараттарын болжау және оларды түзету, сондай-ақ адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді жобалау, жөндеу, әзірлеу және пайдалану әдістері мен визуализациялау болып табылады.
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз