КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР
«Цифрлық технологиялар» зертханасы
Цифрлық платформалар және қолданбалы ІТ шешімдер зертханасы
ОРНАЛАСУЫ
№307
аудитория
АУДАНЫ
50,4 м²
зертхана аумағы
ОРЫН САНЫ
20
орын
Зертхана туралы
«Цифрлық технологиялар» зертханасы заманауи бағдарламалық құралдарды, цифрлық сервистерді және ақпараттық жүйелерді оқу мен тәжірибеде қолдануға арналған. Зертханада білім алушылар цифрлық контентті дайындау, веб және қолданбалы сервистердің прототиптерін әзірлеу, деректермен жұмыс және ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша жобалық тапсырмалар орындай алады.
Мақсаты
Цифрлық технологияларды тиімді пайдалана алатын, практикалық ІТ шешімдер әзірлеуге қабілетті мамандардың құзыреттерін дамыту.
Негізгі міндеттері
01. Қолданбалы бағдарламалар мен цифрлық платформаларды пайдалану дағдыларын жетілдіру.
02. Веб-технологиялар мен ақпараттық жүйелердің қарапайым прототиптерін жобалау.
03. Деректерді өңдеу, талдау және визуалды ұсыну бойынша практикалық тапсырмалар орындау.
04. Топтық жобалау, цифрлық коммуникация және жобалық презентация мәдениетін дамыту.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
12
Компьютер
Intel Core i5 негізіндегі жүйелер
PROBOARD интерактивті тақтасы
Проектор
Магнитті-маркерлік тақта
ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ
Дүйсенбаева К.А.
NEXTGEN FEST - IT Апталығының ХАКАТОН кейстары
NEXTGEN FEST - IT Апталығы
«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Нақты уақыттағы адам жаттығуларын тану және бағалау үшін позаға негізделген уақыттық модельдеу
СПАРТАКИАДА — 2026
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау 