shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар. 2023 жылы Гази университетімен 7М06146-Компьютерлік инженерия бірлеске білім беру бағдарламасы ашылды. 

2023 жылы сәуір айында Түркиядан 2 оқытушы PhD докторы ғылыми дәрежесін алып келді. Ал, 2023-2024 оқу жылында кафедраның  профессорлы-оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар қосылды, яғни профессор Эрай Челик пен PhD докторы Сербест Зиянак АКТ бағытындағы білімгерлерге дәріс беруде.

Студенттеріміздің жетістіктері:

  • 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінде 5В070300- Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде өткен желілік технологиялар бойынша халықаралық «Cisco stars-2019» олимпиадасына қатысып, 3-орынға ие болды.
  • 2021-2022 жж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қорханов Керімберді, Асанова Венера, Таалайбек қызы Жылдыз жас веб-бағдарламашылар арасындағы «Taraz Hackaton-2021» республикалық байқауында 1 орынды иеленіп, 200 000 теңге сертификатпен білім ордасына оралды.
  • 07.12.22 күні АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан Microsoft корпорациясында бағдарламашы болып жұмыс жасайтын Асқарбаев Ерғалимен «Өз тәжірибемнен: Microsoft компаниясында» атты студенттерге арналған мотивациялық семинар өткізді.
  • 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Atyrau SmartTeam Hackathon» республикалық хакатонда 1 орынды иеленді.